Қарағанды облысында 2 адамға қасқыр шапқан - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысында 2 адамға қасқыр шапқан

21.12.2023

Қарағанды облысының Қарқаралы қаласында қасқыр екі адамды жарақаттады. Түз тағысы көшеде бейқам кетіп бара жатқан әйел адамдарды талаған.

Қазір екеуі де ауруханада. Бірінің азу тиген жарақаттары тым терең. Полиция мен ветеринарлар, орман шаруашылығының қызметкерлері қасқырды ұстаумен айналысуда. «Таулы-орманды өлкеде боран соғып тұрғандықтан, ізге түсу қиынға соғуда», - дейді мамандар. Үрейлі жұрт балаларын сабаққа жібермеген.

Бақытжан Құдияров, облыстық ПД баспасөз хатшысы:

Бүгін таңертеңгілік уақыт түз тағысы ауданның ішіне кіріп екі адамды жарақаттаған. Аудандық полиция бөлімінен 4 қызметтік көлік пен 25 адам, сондай-ақ ұлттық табиғат паркі мен ветеринар мамандар қасқырды ұстау шараларын атқаруда.

Руслан Нұрланұлы


Хабарламаларға жазылу