Жамбыл облысында жолда қалған тұрғындарға Қырғызстаннан құтқарушылар мен еріктілері көмекке келді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбыл облысында жолда қалған тұрғындарға Қырғызстаннан құтқарушылар мен еріктілері көмекке келді

15.12.2023

Жамбыл облысында жолда қалған тұрғындарға Қырғызстаннан құтқарушылар мен еріктілері көмекке келді. Қатты боран салдарынан 100-ден астам көлік "Алматы-Ташкент" тасжолында тұрып қалған. Тағы 150-дей көлік Алға мен Қордай ауылдарының арасында қаңтарылған. Қазақстан тарапынан 100-ге жуық құтқарушы мен 37 ауыр техника жұмылдырылды. Ал, Қырғызстанның төтенше жағдайлар министрлігі 39 құтқарушы мен 8 ауыр техника жіберді. Қазір қалың қарда қалған азаматтар қауіпсіз жерге эвакуацияланды.


Хабарламаларға жазылу