Жамбылда жолда қалған тұрғындарға Қырғызстаннан құтқарушылар мен еріктілер көмекке келді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбылда жолда қалған тұрғындарға Қырғызстаннан құтқарушылар мен еріктілер көмекке келді

15.12.2023

Жамбыл облысында жолда қалған тұрғындарға Қырғызстаннан құтқарушылар мен еріктілер көмекке келді. Қатты боран салдарынан 100-ден астам көлік Алматы-Ташкент тасжолында тұрып қалған. Тағы 150-дей көлік Алға мен Қордай ауылдарының арасында қаңтарылған. Қазақстан тарапынан 100-ге жуық құтқарушы мен 37 ауыр техника жұмылдырылды. Ал Қырғызстанның төтенше жағдайлар министрлігі 39 құтқарушы мен 8 ауыр техника жіберді. Қазір қалың қарда қалған азаматтар қауіпсіз жерге эвакуацияланды. 

Жандос Темірғали

Хабарламаларға жазылу