Солтүстік Қазақстан облысында 9-сыныпқа дейінгі оқушылар үшін сабақ тоқтатылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солтүстік Қазақстан облысында 9-сыныпқа дейінгі оқушылар үшін сабақ тоқтатылды

11.02.2022

Солтүстік Қазақстан облысында қатты аяз болып, мектептерде 9-сыныпқа дейінгі оқушылар үшін сабақ тоқтатылды. Күн күрт суытып, сабақтың болмайтыны жөнінде төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға арнайы қосымша арқылы алдын ала хабарлаған.

 Ал Шығыс Қазақстан облысының құтқарушылары жолда қалған автобустан 53 адамды эвакуациялады. Кеше кешке Жарма ауданы Сұлусары ауылының маңында вахталық автобус бұзылып қалған. Қоңырау түсе сала, оқиға орнына дереу жеткен құтқарушылар жұмысшыларды эвакуациялап, Қалбатау ауылындағы спорт мектебіне орналастырды. Сондай-ақ, Аягөз ауданы аумағында жолда қалған 2 автокөліктегі 4 адамға да көмекке барып, оларды қалаға дейін шығарып салған.

Хабарламаларға жазылу