Шығыс Қазақстанда өзен арнасынан асып, ауылды су басты
Шығыстағы Катонқарағай ауданында Өрел өзені арнасынан асып, тоғыз үйдің ауласына және үш үйге су кірді. Аудан әкімінің айтуынша қатты аяздың салдарынан өзен сағасына мұз қатқандықтан судың деңгейі көтерілген. Жағаға жайылған су біртіндеп ауылға жеткен. Өрел ауылының тұрғындары таң атқанша сумен алысқан. Жергілікті атқарушы орган және төтенше жағдай бөлімінің мамандары да жұмылдырылды. Үйлердің жертөлесіне кірген суды мотопомпамен тазартылып жатыр. Құм салынған қаптардан бөгеттер қойылды. Өзен арнасын қармен мұздан тазарту жұмысы жалғасуда.
Олжас Керейхан
Автор
Олжас Керейхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Абайды Мәскеуде де ұлықтады
11.08.2026, 13:20
Қызылордада жастар арасында дебат өтті
11.08.2026, 13:18
Филиппин аралдарында лай көшті
11.08.2026, 13:12
Шет мемлекеттерде 82 учаскелік комиссия құрылды
11.08.2026, 13:10
Колумбияда зілзаладан 164 адам қаза тапты
11.08.2026, 13:07
11 мыңға жуық ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды
11.08.2026, 13:05
Жол ережесін бұзғандарды дрондар анықтайды
11.08.2026, 13:03
Нотариус қызметіне ЖИ енгізіледі
11.08.2026, 13:00