Ертіс арнасынан асып, үйлерді су басты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ертіс арнасынан асып, үйлерді су басты

13.12.2014
Ертіс арнасынан асып, үйлерді су басты

Түнде Ертіс өзені арнасынан асып, Семей қаласының Шығыс поселкесінде, жағалауға жақын орналасқан бірнеше көшеге су жайылды. Көзді ашып-жұмғанша 30-дан астам үйдің ауласын су алды. Апатты аймақта түні бойы құтқару жұмыстары жүргізіліп, тұрғындарға көмек көрсетілді.

 «Қазселден қорғау» басқармасының мамандары «қыс ішінде Ертістің бұлайша арнасынан тасып кететіндігін білмей қалдық»,-деп отыр. Анықталғандай өзеннің төменгі жағына жиналған мұз қатып, су ағынын тежеген. Салдарынан Ертіс арнасынан асып кеткен.

Алайда қазір мамандар қауіп сейілді, деп отыр. Түннен бері су деңгейі 30 сантиметрге төмендеген. Оқыс оқиға қайталанбас үшін, дереу өзен арнасын тазалап, мұзды жару жұмыстары жүргізілмек. Зардап шеккен тұрғындарға көмек беру жағы да қарастырылып жатыр.

Ержан ЖАҚЫП

Хабарламаларға жазылу