Батыс Қазақстан облысында қаржы пирамидасын құру мен басқару бойынша 13 қылмыстық іс тіркелді
Батыс Қазақстан облысында қаржы пирамидасын құру мен басқару бойынша 13 қылмыстық іс тіркелді. Облыстық экономикалық тергеп-тексеру департаменті мамандары олардың денін тергеп, сотқа берген. Түрлі сайттар мен әлеуметтік желідегі алаяқтарды анықтау үшін жасанды интеллект жүйесі тартылған. IT құралдардың көмегімен күмәнді, заңсыз контенттер тексеріледі. Жыл басынан бері пирамида түріндегі 4 мыңнан астам сайт пен аккаунт бұғатталды. Елімізде негізінен 31 мен 60 жас аралығындағы, жұмысы бар, жоғары білімді азаматтар алаяқтардың арбауына түсіп қалады.
Нұрбол Рахметов, Облыстық экономикалық тергеп-тексеру департаменті басшысының орынбасары:
Б.Әліпқалиева деген азаматша сотталды. Ол Instagram әлеуметтік желісі арқылы жеке тұлғалардан «Халық Банк» АҚ және «Каспи банк» карточкалық шоттарына ақша қаражатын тарта отырып, «Нұр жиһаз» онлайн жобасында жиһаз ұтыс ойыны арқылы қаржы пирамидасын ұйымдастырған. Осы қаржы пирамидасына 2 мың салымшылар 169 млн. теңге көлемінде қаражат салған.
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Ауыл» партиясы сайлауалды бағдарламасын, Құрылтай депутаттығына кандидаттар тізімін және Саяси кеңестің жаңа құрамын бекітті
06.07.2026, 14:22
Ұлттық домбыра күні: Астанада «Асыл мұра» концерті өтті
05.07.2026, 20:03
ӘЧ-2026: Футбол матчтарына 5 млн-нан астам адам келген
05.07.2026, 19:48
Астанадағы Ұлттық музейде Мұхтар Әуезовтің тоғызқұмалақ тақтасы бар
05.07.2026, 19:44
Жол апаты неге азаймай тұр?
05.07.2026, 19:42
Алғаш рет әкімшілік істер бойынша жауапқа тартылған азаматтарға рақымшылық жасалады
05.07.2026, 19:40
Құрылтай сайлауына партиялар кандидаттар тізімін бекіте бастады
05.07.2026, 19:32
Қос палаталы Парламент: 3,5 мыңға жуық заң қабылданды
05.07.2026, 19:31