Кентау қаласында жылу орталығындағы қазандықтар істен шыққан
Түркістан облысының Кентау қаласында жылу энерго орталығының төрт қазандығы істен шығып, жұрт жылусыз қалған. Оған жылу орталығына келетін жарықтың сөніп қалуы себеп болыпты. Салдарынан көпқабатты тұрғын үйлер мен мекемелерде жылу берілуі төмендеп кеткен. Айта кетейік, аталған энерго орталықтағы қазандықтар әбден ескірген соң, биыл жөндеу жұмыстарына қыруар қаражат бөлінген болатын. Әзірге орталықтағы төрт қазандық жөнделіп, іске қосылса, қалған екеуі 58 пайызға ретке келтірілді. Тағы екі қазандық елу пайызға жөнделіп, келер жылы пайдалануға беріледі. Қаланың жылуға жауапты мамандары қазір энерго орталық қалыпты жағдайда жұмыс істеп жатқандығын айтады.
Талғат Ысқақов, Кентау қалалық ТҮКШ бөлімінің басшысы:
Жылу энерго орталығын қамтамасыз етіп отырған электр желілерінің, светтің өшуіне байланысты 19:31- де орталықтың жұмысы тоқтап, 19:41-де қайта іске қосылды. Яғни 10 минутқа тоқтады. Қазіргі төрт қазандық қайта іске қосылып, штаттық режимде жұмыс атқаруда.
Айнұр Ақбаева
Автор
Айнұр Ақбаева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қызылордада «Таза Қазақстан» жайлы ашық сабақ өтті
18.09.2026, 13:20
Жапонияда Азия ойындарының ашылу рәсіміне дайындық аяқталып қалды
18.09.2026, 13:17
Ақтөбе облысында екі жыл ішінде 39 ауыл газға қосылды
18.09.2026, 13:12
Қазақстан инвестиция тартуда жаңа тәсілге көшті
18.09.2026, 13:09
ЖИ ғылымға жүйелі енгізіледі
18.09.2026, 13:06
Тараздық ұстаз 16 мың кітап оқыған
18.09.2026, 13:03
Жылдың үздік 10 оқырманына 10 млн теңге беріледі
18.09.2026, 13:00
Азия ойындарына бір күн қалды
18.09.2026, 10:09