«Астана» халықаралық қаржы орталығы ел экономикасына 10 млрд АҚШ долларынан астам инвестиция құйған
«Астана» халықаралық қаржы орталығы ел экономикасына 10 млрд АҚШ долларынан астам инвестиция тартқан. Бұл жобалардан былтыр мемлекетке 25 млрд теңге, биыл 19 млрд теңге салық түсті. Қаржы орталығының басшысы Ренат Бектұровтың сөзінше, жыл соңына дейін оның көлемі 30 млрдқа жетуі тиіс. Инвестициялардың көбі Қор биржасына салынған. Сонымен бірге, бағалы қағаз, ұлттық компаниялардың акциясын сату, ірі жобаларды қаржыландыру секілді инвестиция бар. Қаражаттың дені Қытай, Нидерланды, АҚШ елдерінен түскен. Ренат Бектұров Қазақстан нарығында өз филиалдарын ашуға ниетті шетелдік компаниялардың да көбейгенін мәлімдеді.
Ренат Бектұров, «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы:
Биыл бізге Тиктоктың аймақтық офисі көшіп келді. Осында ашылды. Ол үлкен компания. Әлемдегі 50 ірі компанияның ішіне кіретін шығар. Сонымен бірге, үлкен төрттік аудиторлық компанияға кіретін КПМДЖИ өзінің аймақтық офисін осында көшірді. Өздеріңіз естіген полиметалл әлемдегі он ірі алтын өндіретін компаниялардың бірі. Ұлыбританияның юрисдикцияның Астана халықаралық қаржы орталығына көшіп келді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қысқы Олимпиада: Бүгін 5 спортшымыз шығады
18.02.2026, 13:35
Өзбекстанда өз көлігіңізбен жүру мерзімі 90 күннен 180 күнге дейін ұзаруы мүмкін
18.02.2026, 13:30
Ресейде автокөлік алушылар азайып кетті
18.02.2026, 13:24
Конституция жобасы әділетті қоғам орнатуға бағытталған
18.02.2026, 13:18
Мемлекеттік басқару академиясы Конституция жобасын түсіндірді
18.02.2026, 13:15
Коалиция мүшелері Шымкент халқымен жүздесті
18.02.2026, 13:12
Таразда 13 жастағы қызды ұрлағысы келгендер ұсталды
18.02.2026, 13:09
Алматыда қызылшаға жұқтырған балалар көбейді
18.02.2026, 13:06