Тоқаев сақа саясаткерлерімен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тоқаев сақа саясаткерлерімен кездесті

24.09.2019

Кездесуді АҚШ-тың жетекші сараптамалық-ғылыми орталығы саналатын «Атлантикалық кеңес» ұйымдастырған. Тараптар Қазақстан-Америка қарым-қатынасының қазіргі жай-күйін бір үстел басында, таңғы ас ішіп отырып талқылады. Алпауыт АҚШ-тың Қазақстан экономикасына құйған қаржысы қазір 45 млрд доллардан асып жығылады. Демек, ең ірі инвестордың бірі осы ел деген сөз. Қасым-Жомарт Тоқаев Америка тарапымен экономикалық байланысты одан әрі нығайтуға ниетті екенін жеткізді.

Хабарламаларға жазылу