«Астана» қаржы орталығы: Қалталылар құқығын 9 қазы қорғайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Астана» қаржы орталығы: Қалталылар құқығын 9 қазы қорғайды

30.12.2018

Енді «Астана» қаржы орталығы туралы аз-кем қоса кетсем деп отырмын. Президенттің бастамасымен құрылған бұл орталықтың басты мақсаты – ел экономикасына құйылатын ұзақмерзімді түсімді қамтамасыз ету. Ол үшін әрине, инвестициялық қауіпсіздік мәселесі маңызды. Қазақ экономикасына қаржы құямын деп келген қалталылардың құқығын Британиядан келген 9 қазы қорғайды. «Астана» қаржы орталығы арнайы сотының төрағасы – қаржы саласындағы халықаралық арбитр және медиатор, лорд Гарри Кеннет Вульф.

28 желтоқсан күнгі деректерге қарағанда, IPO аясында сатылымға шығарылған «ҚазАтомӨнеркәсіп» ұлттық компаниясы акцияларының айналымы 3,3 млрд. теңгеге жеткен. Сатылым басталған 1,5 ай ішінде 2300 мәміле жасалған. Алдында әлемдік ХАБ-қа айналу міндеті тұрған орталық ашылғанда 55 компаниямен әріптестік орнатса, міне, жыл соңында олардың саны жоспарланғандай 100-ге жетті.

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу