Елімізге ең көп инвестиция құйған қай мемлекет? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізге ең көп инвестиция құйған қай мемлекет?

20.07.2023

Шетелден инвестиция тарту бойынша Қазақстан Орталық Азияда көш бастап тұр. Былтыр экономикамызға шетелдік инвесторлар 28 млрд АҚШ долларын салған. Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаровтың мәлімдеуінше, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 17 пайызға көп. Қазақстан нарығына ең көп инвестиция құйған Нидерланд мемлекеті екен. Бұл ел 8,3 млрд доллар көлемінде қаржы салған. Одан кейін АҚШ мемлекеті - 5 млрд, Швейцария 2,8 млрд доллар инвестиция құйған. Сондай-ақ, Бельгия, Оңтүстік Корея, Қытай, Ресей мемлекеттері Қазақстан экономикасына 1,5 млрд доллар инвестиция салған.

Айя Мүтәлі

Хабарламаларға жазылу