Астанада «Адам құқықтарын қамтамасыз ететін халықаралық құқықтық нормаларды ұлттық заңнамаға енгізу» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтіп жатыр. Конференция қонақтарын Қазақстандағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев қарсы алды. Спикер форум БҰҰ-ның «Адам құқықтары 75» жаһандық бастамасын қолдау мақсатында өткізіліп жатқанын атап өтті. Халықаралық конфренция жұмысына сәттілік тілеп Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы құттықтау хатын жолдады. Мінберде сөз алғандар адам құқықтары институттарын дамыту және нығайту, әділ сот талқылауы құқығын жүзеге асыру, азаматтық қоғам институттарының рөлін айқындау тақырыптарында құнды пікірлерін ортаға салды. Қазір елімізде Реформалар аясында Конституциялық сот құрылды. Адам құқықтары жөніндегі уәкіл институты күшейтілді.
Салтанат Тұрсынбекова, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы:
Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің институтына келетін болсақ, осы реформа басталмай тұрып, оның штаттық бірлігі 12 адам болатын. Ал қазір оның шаттық бірлігі 105 адамға жетті. Сондай-ақ барлық 20 өңірлерде арнайы өкілдіктері ашылды. Осы саяси бір үлкен әсері халықтың үнін мұңын сол жаққа барып, қол жетімді болды. Сол жақтан барып еститін болдық.
Жандос Темірғали