Елде қызылша жұқтырғандардың көбі – вакцина алмағандар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елде қызылша жұқтырғандардың көбі – вакцина алмағандар

06.12.2023

Аймақтардағы жағдай да мәз емес. Мамандар алаңдап оытр. Қызылшаның таралуы азаяр емес. Ал эпидемиологтар жұқпалы індетті тоқтатудың бірден бір жолы вакцина дегенімен, екпеге қарсылық білдіріп жатқандар бар. Мәселен, Қызылода облысында 400-ден астам бүлдіршіннің ата-анасы екпе салдыртпаған. Ал инфекция әсіресе, балалар арасында өршіп тұр. Қазір аймақта қызылша жұқтырған адам саны мыңнан асып кетті. Мамандардың айтуынша, ауруханаға түскен науқастардың 80 пайызы 5 жасқа дейінгі балалар.

Қарағанды облысында да, эпидахуал күрделеніп барады. Қауіпті індет облыс орталығы мен Балқаш қаласында өршіп тұр. Сырқаттанғандардың 71%-ы/ 14 жасқа дейінгі балалар. Бүгінде/ балабақшалар мен мектептерде 227 оқушы қызылша жұқтырған.

Бұл індет Жетісу облысының барлық аумағында тіркеліп отыр. Сондықтан, аймақта қызылшаға қарсы иммундау шаралары қарқынды жүріп жатыр. Әзірге, өңірде он мыңнан астам адамға вакцина салынды.

Асхат Шарапиев, Жетісу облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы:

Қазір сіздер және балалар ауырмай жүрсе, ол бізде бұрыннан келе жатқан топтық иммунитеттің барлығының арқасында кейбір адамдар ауырмайды. Бірақ ол жылдан жылға азайып жатыр. Сондықтан біз топтық иммунитетті қалыптастыру үшін халықтың 95 пайызын қамтуымыз қажет. 
Батыс Қазақстан облысында, қызылшаға қарсы вакцина салдырудан/ бастапқы кезеңде түрлі себеппен 4 676 адам бас тартқан. Бірақ, мамандардың түсіндіру жұмыстарынан кейін 1100 ата-ана райынан қайтып, балалар екпе алды. Жыл басынан бері/ өңірде қызылшамен 389 науқас тіркелген. Олардың 81,7%-ы екпе алмағандар. Қазір аймақта арнайы штаб құрылып, теологтар, медицина қызметкерлері, эпидемиолог мамандар бірлесіп, халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Хабарламаларға жазылу