Басты Жаңалықтар Қарағанды облысында 4500-ден аса ағаш егілді

Қарағанды облысында 4500-ден аса ағаш егілді

Қарағанды облысында да бүгін «Таза Қазақстан» акциясы аясында 4500-ден аса ағаш отырғызылды. Оған өңірдің түкпір-түкіпірінен 45 мыңға жуық тұрғындар, еріктілер мен табиғат жанашырлары атсалысты.

Бүгін Кеншілер шаһарындағы Этно саябаққа жиналған жұртшылықтың қарасы қалың. Ерікті жастардан еңкейген қарияға дейін осында. Барлығы бір кісідей жұмылып,саябақ аумағына 1500-ден астам ағаш отырғызды. Бұл қоршаған ортаға  қосқан үлес қана емес, елді біріктірген жарқын іске айналды дейді, жиылғандар.

Ермағанбет Бөлекпаев, Қарағанды облысының әкімі:

«Таза Қазақстан» деген бір күндік акция емес. Мен біріншіден, барлық қатысқан жандарға алғысымды айтқым келеді. «Арың таза болса, барлығы таза болады», дейді қазақ. Сондықтан аула, үй, аудан, ауыл, қала өз жанын таза ұстаса барлық жерде таза болады.

Өңір бойынша ауқымды шараға 45 мыңнан аса адам қатысып, 4500-ге жуық көшет отырғызылды. Ал Қарағанды қаласында қарағай, қайың және терек көшеттері егілді. Осы бастамалардың басы қасында жүрген ерікті жастардың еңбегі елеулі. 

Зият Сәдуақасов, ерікті:

Негізі адамдарда эко мәдениетті қалыптастыру үшін ең бірініші сана сезім керек. Жауапкершілік керек. Бұл қоршаған ортада біз ғана емес, басқа да адаидар тұрады.

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында өңірде түрлі шаралар өткізіліп, тазалық жұмыстары жүргізілуде. Ал алдағы уақытта облыс аумағында 31 мыңнан аса ағаш егілмек.

Бөлісу