Басты Жаңалықтар Тұрғындар жаппай сенбілікке шықты

Тұрғындар жаппай сенбілікке шықты

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы бүгінде жалпыхалықтық сипатқа ие. Еліміздің түкпір-түкпірінде тұрғындар бүгін бір кісідей жұмыла сенбілікке шықты.

Қызылордалықтар таңертең Президент саябағына жиналды. Жас та, жасамыс та қолдарына күрек алып, көгалдандыру жұмыстарына үлес қосты. Жалпы облыс көлемінде өткен экоакция аясында 12 мыңнан астам көшет егілді.

Ғалымжан Еркебай, облыстық Табиғи ресурстар басқармасының басшысы:

Волонтерлар, студенттер, ардагер ағаларымыз барлығы келіп жатыр. Сонымен қатар, 325 гектар жер тазаланады. Басқа жерлерде де жұмыстар жалғасын табуда.

Соңғы екі жылда Шығыс Қазақстан облысында 250 мыңға жуық ағаш егілді. Нәтижесінде өңірдегі орман қоры 40 миллион көшетке көбейді. «Мөлдір бұлақ» бастамасымен 200-ден астам бұлақ пен өзен жағалауы тазартылды. Ал бүгін сенбілікке 100 мыңнан астам адам қатысты.

Ернұр Қанапиянов, қала тұрғыны:

Бұл іс-шарға кішкентай балаларымызды алып келдік. Негізгі мақсат - балаларды жастайынан тазалық көрсе, ертең біздің отырғызған талдарымыз осы балалармен бірге өседі. Солар кейін үлкен жасқа келгенде осы талдарды біз еккенбіз деп естеріне алады.

Ал Маңғыстау өңірінде бүгін 8 мың түп көшет егілді. Демалыс орындары мен көшелерді көгалдандыруға мемлекеттік мекеме қызметкерлері, кәсіпкерлер мен еріктілер және тұрғындар белсенді атсалысты. Көпшілік орталық саябаққа келіп түрлі жеміс ағаштарын екті

«Таза Қазақстан» экоакциясына Атырау облысының 10 мыңнан астам тұрғыны қатысты. 500-дей адам «Жастар» саябағына жиналып, Президенттің қатысуымен өткен республикалық телекөпірді тамашалады.

Бөлісу