А.Балаева: Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы петиция ескеріледі
Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы 150 мыңнан астам қол жинаған петицияның заңдық күші жоқ. Себебі, ол бейресми платформада рәсімделген. Әділет министрі Азамат Есқараев Мәжіліс үйінде журналистердің сұрағына осылай жауап берді.
Азамат Есқараев, ҚР Әділет министрі:
Қазір тиісті мемлекеттік платформа әзірленіп жатыр. Енді кез келген мәселеге байланысты петиция сол жерде орналастырылады. Ал біз заң жүзінде жұмыс істеуіміз керек. Сондықтан 2021 жылы өзге платформада басталған петицияны ресми тіркей алмаймыз.
Дегенмен, 150 мыңнан астам қол жинаған петиция да, назардан тыс қалмайды. Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева/ әлеуметтік желідегі парақшасында осылай деп жазды. «Петиция тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бағытында/ мемлекеттік органдардың жұмысында міндетті түрде ескеріледі. Біз бұл петицияны әзірлеген сарапшылардың бірқатарымен тұрақты байланыстамыз және олардың пікірін назарға аламыз. Ал, жаңа платформа/ 2024 жылдың сәуір айынан бастап жұмыс істейді», - деді ол.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алматыда «SuperStar KZ» мегажобасына іріктеу өтіп жатыр
25.04.2026, 20:08
«Бату хан» тарихи-деректі романы таныстырылды
25.04.2026, 20:06
«Қазақстан» РТРК» ұжымы сенбілікке шықты
25.04.2026, 20:05
Қарағанды облысында 4500-ден аса ағаш егілді
25.04.2026, 20:05
Мәжіліс депутаттары аллеяға шырша көшеттерін отырғызды
25.04.2026, 20:05
Сенат депутаттары Инклюзивті спорт орталығының аумағын көгалдандырды
25.04.2026, 20:04
Тұрғындар жаппай сенбілікке шықты
25.04.2026, 20:04
Президент «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акцияға қатысты
25.04.2026, 20:04