Семейде пойыздардың 60 жұмысшысын бопсалаған азамат ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Семейде пойыздардың 60 жұмысшысын бопсалаған азамат ұсталды

06.12.2023

Семейде пойыздардың 60 жұмысшысын бопсалаған азамат ұсталды. Күдікті өзін бірнеше жылдан бері «блогер» деп таныстырып мамандардан ақша талап етіп келген. Ол/көбіне ішкі және халықаралық бағыттарда қатынайтын жолаушы тасымдайтын пойыздарда отырып, заңсыздықтарды ұялы телефонына түсіріп отырған. Артынша, оны жариялаймын деп темір жол қызметкерлеріне сес көрсетіп келген. Күдікті полицияның назарына ұзақ уақыттан бері ілікпей келіпті. Өйткені, зардап шегушілерден арыз түспеген. Адамдарды қорқытып-үркітіп пайдаға кенеліп жүрген азаматты/ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес қызметі қолға түсірді. Тексеру кезінде, жалған блогердің есепшотына 2021 жылдан бері/ бопсалау арқылы 48 миллион теңге қаржы түскені белгілі болды. Ұсталған күдікті бұрын бірнеше рет сотталған.


Е.Жақып

Хабарламаларға жазылу