Ақмола облысында түрмеде отырған бұрынғы қызметкерге үй заңсыз берілген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысында түрмеде отырған бұрынғы қызметкерге үй заңсыз берілген

05.12.2023

Ақмола облысында пара алып, түрмеде отырған лауазымды тұлғаға мемлекеттік бағдарламамен үй берілген. Мұны облыстық прокуратура тексеріс барысында анықтады. Тағы екі адам әлеуметтік осал топтарға берілуі тиіс пәтерлерді заңсыз иемденген. Мәселен, біреуі жарты жыл бұрын меншігіндегі үйді сатып, кейін тұрғын үй қорынан баспана алған. Тіпті, кейбірі мұндай пәтерлерді жалға беріп отырған. Қазір өңірде тұрғын үй кезегінде 23 мыңнан астам адам тұр. Соңғы үш жылда әкімдік 900-ге жуық пәтерді үлестірген. Прокурорлар тұрғын үй заңсыз берілген және баспана кезегінде негізсіз тұрған 23 адамды анықтады.

Фаризат Дайыр, облыстық прокуратураның басқарма прокуроры:

Коммуналдық тұрғын үйді заңсыз жалға беру, сонымен қатар, бюджетке 50 млн.теңгеге жалдау төлемдерін төлемеу, оған қоса, табыстарын алдын ала тексермей, аз қамтылған азаматтарға тұрғын үй беру фактілері анықталды. Бүгінгі күнде аталған тұрғын үйлерді қайтару бойынша жұмыстар жүргізілуде. Олар қайта бөлінеді.

Хабарламаларға жазылу