Қазақстандық төрт боксшы әлем біріншілігінде чемпион атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық төрт боксшы әлем біріншілігінде чемпион атанды

04.12.2023

Қазақстандық төрт боксшы Арменияда өтіп жатқан бокстан жасөспірімдер арасындағы әлем біріншілігінде чемпион атанды. Ерлер арасында 54 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасқан Нұрасыл Төлебек финалда Үндістан өкілінен басым түсті.

Қыздар арасында 54 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғаған Аяжан Садық та үнді спортшысынан басым түсіп, Қазақстанның туын көкке көтерді. 60 келі салмақта өнер көрсеткен Толғанай Қасымхан алтын медаль үшін болған жекпе-жекте ресейлік Кира Леонованы жеңді. Ұлттық құраманың тағы бір мүшесі 66 келі салмақтағы Айсұлу Мұхитта топ жарып, тұғыр биігінен көрінді.

Бұдан бөлек жарыста қыздар 5, ерлер 1 қола медальға ие болды. Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев ерлер құрамасы мүшелерінің бұл нәтижесіне көңілі толмайтынын айтып, бокс федерациясы басшылығының жұмысын сынға алған болатын.


Хабарламаларға жазылу