Әділбек Ниязымбетов бокстан Азия чемпионы атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әділбек Ниязымбетов бокстан Азия чемпионы атанды

05.09.2015
Әділбек Ниязымбетов бокстан Азия чемпионы атанды

81 келіде сынға түскен қазақстандық боксшы Әділбек Ниязымбетов шаршы алаңға шықпай-ақ, Азия чемпионы атанды. Себебі, Әділбектің қарсыласы өзбекстандық боксшы Эльшод Расулов жартылай финалда алған жарақатына байланысты жарысқа шыға алмады.

Сөйтіп, Эльшод Расуловқа техникалық жеңіліс жазылып, Азия чемпионатының алтын медальі Әділбек Ниязымбетовке бұйырды.

Бұл қазақстандық боксшылардың үшінші алтыны, бұған дейін 52 келідегі Олжас Сәттібаев пен 69 келідегі Данияр Елеусінов чемпион атанған.

Хабарламаларға жазылу