Басты Жаңалықтар Қарағандыдағы ауруханада қайтыс болған азамат анафилактикалық шоктан көз жұмған болуы мүмкін

Қарағандыдағы ауруханада қайтыс болған азамат анафилактикалық шоктан көз жұмған болуы мүмкін

Қарағандыдағы облыстық клиникалық ауруханада қайтыс болған азамат анафилактикалық шоктан көз жұмған болуы мүмкін. Алдын ала болжам осындай. Туысқандарының айтуынша, дәрігерлер аллергиясы бар науқасқа «ЦЕФ-3» препаратын салған. Оған операция жасалуы тиіс еді. Екпе салмай тұрып, дәрігерлер теріішілік сынама жасап, нәтижесі теріс шыққан. Дегенмен, екпе жасалған соң жағдайы күрт ауырлапты. Марқұмның соңында үш баласы мен әйелі қалып отыр. Қазщір осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сот-медициналық сараптамасы жалғасып жатыр.

Ардақ Бейсова, Медициналық және фармацевтикалық бақылау департаментінің бас маманы:

Асқынулар болмау үшін және профилактикалық мақсатта науқасқа 1 дозалық цефтриакцион ЦЭФ-3 препараты тағайындалады. Бірақ оның алдында отадан бұрын теріішілік сынама жасалады. Оның қорытындысы бойынша ол теріс деп бағаланады. Науқасқа ота алдында ЦЭФ-3 салынады. Сот-медициналық сараптаманың алдын-ала болжамы бйоынша науқас анафилактикалық шоктан қайтыс болған.


Руслан Нұрланұлы

Бөлісу