Павлодарда бастауыш сыныптар қашықтан оқиды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда бастауыш сыныптар қашықтан оқиды

04.12.2023

Павлодарда бастауыш сынып оқушыларының бүгінгі сабағы онлайнға көшірілді. Оған себеп болған қатты жел мен көктайғақ. Аймақта бүгін алғаш рет аяз түсті. Ауа температурасы -12. Желдің жылдамдығы секундына 12 метр. Кеше өңірде жаңбыр жауған. Сондықтан оқушылардың қауіпсіздігі үшін сабақты қашықтан өткізуге шешім қабылдадық, - дейді білім басқармасының өкілдері.

Боран мен көктайғақтан жолдар жабылды

Шығыс Қазақстан облысының кейбір таулы аймақтарында қарлы боран соғып тұр. Салдарынан кешелі бері «Өскемен-Тарғын-Самар» бағытындағы облыстық маңыздағы автокөлік жолының бір бөлігі жабық тұр. Қатты бұрқасыннан жол көрінбей, қозғалыс қиындаған. Ал өткен түнде Өскеменге алғашқы қар жауды. Кеше күні бойы жаңбырлы дауыл соғып, оның соңы қарға ұласты. Бүгін Өскеменнің көшелері көктайғақ. Желдің екпіні де қатты. Сондықтан қаладағы кейбір мектептерде түске дейін бастауыш сыныптарды сабақ болмайды.

Батыс Қазақстан облысында да көктайғақ салдарына 6 жол учаскесі жабылды. Олардың үшеуі - республикалық, қалғаны - облыстық маңыздағы тасжолдар. Өңірде қар аралас жаңбырдан кейін көктайғақ болып, тұман түсіп, күшті жел соғатыны жайлы дауылды ескерту жарияланды.

Олжас Керейхан
Болат Аманбаев


Хабарламаларға жазылу