Бүгін мәдениет және өнер саласының қызметкерлері арасында өткен «Рухани қазына» байқауының жеңімпаздары марапатталды.
Биылғы фестивальге еліміздің түкпір-түкпіріндегі музей, кітапхана мен мәдени ойын-сауық ошақтарының 200-ге жуық қызметкері қатысты. Нәтижесінде 29 аталым бойынша үздіктер анықталды. Олар дипломмен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Мәдени мекемелер арасындағы жеңімпаздарға 1 млн теңгеден, ал мәдени қызметкерлер ішінде үздік деп танылған қатысушыларға 500 мың теңгеден берілді. Сонымен қатар арнайы сыйлық иегерлеріне 300 мың теңгеден табысталды. Мәдениет және ақпарат министрлігі ұйытқы болған іс-шарада сондай-ақ мәдениет саласының үздіктері ұлықталып, 11 маманға төсбелгі тағылды.
Аяужан Сәдуақасова, Сүйінбай аронұлының әдеби-мемориалды музейінің меңгерушісі:
Рухани қазына-2023 жылдың байқауының жеңімпазы болып тұрғаныма ерекше қуаныштымын. «Аудандық үздік музей» номинациясы бойынша. толқып тұрм әрине. Жан-жақтан мәдениет саласының үздіктері, тұлпарлар қатысып отыр. Сондықтан да бір-бірімізбен үлкен тәжірибе алмастық деген ойдамын.