Проблемалық несиесі бар 1,5 млн адамға жеңілдік жасалады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Проблемалық несиесі бар 1,5 млн адамға жеңілдік жасалады

01.12.2023

Елімізде келер жылы проблемалық несиесі бар 1,5 млн адамға жеңілдік жасалмақ. Кейбірінің берешегі ішінара кешіріледі. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі хабарлады. Қаржы ұйымдарымен бірлескен іс-шара жоспары жасақталды. Қарызға батқан тұрғындардың тізімі түзілді. Олардың көпшілігі тауарлы несие алғандар. Енді банктер борышкерлермен жеке жұмыс атқарады. Тұтынушылық кредиттерге де шектеу енгізу ұсынылып отыр. Мамандар болашақта проблемалық несиесін толық жаппағандарға , жаңа кредит алуға заңмен тыйым салынуы мүмкін дейді.

Олжас Қизатов, ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары:

Қазіргі кезде кімнің проблемасы бар, солармен банктер, микроқаржы ұйымдары жұмыс атқаруы керек.Олардың кредит борышын төмендету жұмыстарын бітіру керек. Тұтынушылық кредит алушы 90 күннен асқан просрочкасы болса,оған сыйақы есептеуге және штраф есептеуге тыйым салдық. 


Хабарламаларға жазылу