Заңсыз сатылған газ құбыры мемлекетке қайтарылады
Атырау облысында жекеменшік компания ұзындығы 200 метрден асатын газ құбырын төмендетілген бағамен және заңсыз сатып алған. Бұл дерек Бас прокуратура жүргізген тексеру кезінде анықталды. Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссия отырысында тауарлық газды тасымалдау саласындағы заңсыз иемденілген активтерді қайтару мәселесі қозғалды. Талқылау нәтижелері бойынша комиссия газ құбырын беру жөніндегі мәмілені жарамсыз деп танып, материалдарды сотқа жолдау туралы шешім қабылдады. Алдағы уақытта оны өңірдегі ірі кәсіпорындарды газбен қамтамасыз ету үшін пайдалану жоспарланып отыр.
Оңғар Алпысбай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент Қазақстан халқына Жолдауын қазан айында жасайтынын айтты
13.09.2026, 20:05
Елімізде қандай салаларда маман тапшы?
13.09.2026, 20:00
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина АҚШ-та өткен US Open жарысының жеңімпазы атанды
13.09.2026, 19:59
Президент Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздарын марапаттады
13.09.2026, 19:57
Қытай көліктері Еуропа нарығына қалай әсер етіп жатыр?
13.09.2026, 19:55
Базалық мөлшерлемедегі өзгеріс: Ипотека нарығына әсер ете ме?
13.09.2026, 19:50
«БРИКС плюс» саммиті: Қандай мәселелер көтерілді?
13.09.2026, 19:46
Ұлттық спорттағы ұлы жеңіс
12.09.2026, 20:17