Басты Жаңалықтар Жерлесіміз АҚШ-та мергендер жарысында топ жарды

Жерлесіміз АҚШ-та мергендер жарысында топ жарды

Жерлесіміз Бекзат Стамкулов Америкада өткен мергендер жарысында топ жарды. АҚШ-тың Калифорния штатында өткен ашық біріншілікте жерлесіміз жергілікті шеберлерді таң қалдырды. 


Белгі берілді. Енді санаулы секундтарда бірнеше нысанды жүре тіпті жүгіре атып дөп тигізу керек. Бұл сұр мергендер болмаса екінің бірінің қолынан келетін шаруа емес. Ұрыста тұрыс жоқ. Әскерде қызметте әбден ысылған Бекзат шапшаң қимылдап, нысаналарын қатарынан сұлатып түсіріп жатыр.

Жарыста әркім өзі қалаған санат бойынша сынға түседі. Бекзат Стамкулов соның ішіндегі ең қиынын таңдаған. Оның қолданған тапаншасы мейілінше қарапайым. Көздеу оптикасы немесе кері жұлқылу екпінін басатын құрылғысы жоқ. Яғни, полицейлер мен жауынгерлерге берілетін қару. Бірақ, міндет бірдей - бестен отыз метрге дейін қашықтықта орналасқан нысаналарға дәл тигізу керек.

Бекзат Стамкұлов, Қазақстан қарулы күштерінің запастағы офицері:

Бала кезімізден боевиктарді көріп өстік. Сол себептен әскерде он жылдай қызмет атқардым. Сол жерде атуды үйрендім. Осы жерде жоғары деңдейде жарыс болып жатыр. Қазақстан дамып келе жатыр. Болашақта елдің осындай жарыстарда желбіретеміз деп ойлаймыз.
 Әскери тактикалық атыс деп аталатын бұл жарыс түрі шынайы өмірге мейілінше жақындатылған. Көбірек ұпай жинау үшін жанды жерге тигізу керек. Ашық турнир болған соң кез келген адам қатыса алады. Сондықтан мергендердің арасында
әуесқойлар да, кәсіби мамандар да бар. Бірі жартылай автоматты қолданса, енді бірі нысанаға автоматпен оқ жаудырып жатыр.

АҚШ әлемдегі ең қаруланған ел саналады. Жасы да жасамысы да қару қолданып біледі. Олар үшін бұл хобби не көңіл көтерудің бір түрі. Америка секілді болмасақ та ел қорғаны болар әрбір азамат атыс қаруын қолдана білуі тиіс дейді мерген.

Бекзат Стамкұлов, Қазақстан қарулы күштерінің запастағы офицері:

Қазақстанда мұндай жоғары деңгей тек қана әскерилер қызметкерлерде ғана Жай адамдар қаруды қолдануды мүлдем білмейді. Бұл жерде әскерилер де полиция да қарапайым адамдар да өте керемет қолданады.
Бұл спорттың отаны америка құрама штаттары. Содан да болар, ең мықты мергендер де осында. Алайда, Бекзат Стамкулов қазақ жігіттерінің де қаражаяу емесін дәлелдеді. Жарыста екі түрлі санат бойынша бірінші және үшінші орындарды жеңіп алды.

Жалғас Сәдібекұлы

Бөлісу