Үндістанда 17 күн бойы жер астында қалған 41 жұмысшы құтқарылды
Бұл Үндістанның солтүстігінде қапаста қалған 41 жұмысшыны құтқарған сәт. Жұмысшылар 17 күнін жер астында өткізді. Гималай аймағында құрылысы аяқталмаған туннель қарашаның 12-де опырылып түсті. Содан бері жұмысшыларға азық-түлік, оттегі, дәрі-дәрмек болат құбыр арқылы жеткізіліп отырған. Құтқару операциясы 400 сағатқа созылды. Туннелдің аузын жауып қалған үйіндінің басым бөлігі бұрғымен тесілді. Ал қалғанын қолмен қазып, жұмысшылардың сыртқа шығатын жолын ашқан. Қапастағылар осы күнге дейін йогамен айналысыпты.
Вишваджит Кумар, құтқарылған жұмысшы:
Біз үшін алғашқы 15-20 сағат өте қиын болды. Азық-түлік пен су осынша уақыттан кейін жіберіле бастады. Сол үшін құбыр тартылды. Ал он күннен кейін жеміс-жидек ала бастадық. Туннелдің ұзындығы – 4 жарым шақырым. Арасында серуендеп тұрдық.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте Әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16