Бір күнде бірнеше банктен несие рәсімдеуге шектеу қойылуы мүмкін
Бұдан-былай кредит рәсімдеу тәртібі , өзгеруі мүмкін. Енді, бірінші кредиттік бюро екінші деңгейлі банктерге клиенттің "несие тарихы" туралы ақпаратты дәл сол сағаттағы мәліметке сәйкес береді. Яғни, бұл талап бір күннің ішінде бірнеше банктен несие рәсімдеудің жолын кеседі. Бюрода әрбір кредиттен кейін қарыз алушының төлем қабілеті де, өзгеріп отырады. Заң жобасын әзірлеген Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, осылайша алаяқтардың да жолын кеспек.
Құжат Ашық Үкімет порталында келесі айдың 7-сіне дейін талқыланады. Ал экономистер, базадағы жүйенің осылай автоматтандырылуы банктердің несие портфелін азайтады деп отыр. Сонымен қатар проблемалы кредит саны да, қысқаратынын алға тартты.
Мақсат Серәлі, экономист:
Қазіргі таңда банкроттықа беріп жатқан азаматтардың жалпы алып қарайтын болсақ, бір адамның басына шаққанда ең минималды 5 несие, орта есеппен 10 несиеден жоғары. Бұның бәрі неден қолданып отыр? Бұның бәрі қазіргі таңдағы несие беру жүйесінің кемшіліктерін халық біледі және оны ортадағы делдалдар банк жүйесінде жұмыс жасайтындар өте қатты біледі. Біз несиесі бар азаматты қайта несиемен жүктемеуіміз керек.
Әйгерім Ердәулет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алматыда «SuperStar KZ» мегажобасына іріктеу өтіп жатыр
25.04.2026, 20:08
«Бату хан» тарихи-деректі романы таныстырылды
25.04.2026, 20:06
«Қазақстан» РТРК» ұжымы сенбілікке шықты
25.04.2026, 20:05
Қарағанды облысында 4500-ден аса ағаш егілді
25.04.2026, 20:05
Мәжіліс депутаттары аллеяға шырша көшеттерін отырғызды
25.04.2026, 20:05
Сенат депутаттары Инклюзивті спорт орталығының аумағын көгалдандырды
25.04.2026, 20:04
Тұрғындар жаппай сенбілікке шықты
25.04.2026, 20:04
Президент «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акцияға қатысты
25.04.2026, 20:04