«Қазпошта» филиалдарынан жыл басынан бері 273 млн теңге қаржы ұрланған. Жымқыру, алаяқтық, ұрлық және заңсыз сыйақы алу фактілері бар. Қазіргі таңда ішкі тексеру материалдары, экономикалық тергеу департаментіне жолданды.
Болат Бұхарбай, «Қазпошта» АҚ pr қызметінің басшысы:
«Қазпошта» акционерлік қоғамы ішкі тексерістерді жүргізуде және жалғастыра бермек. Осы жылдың нәтижесі бойынша 11 іс 7 аймақтан тіркелген. Бұл істер материалдар құқық қорғау органдарына берілді. Енді логистикалық қызметтерді ұсынатын болғандықтан жүк көліктерге жанармайды заңсыз құйып, қайта сатумен айналысқан.