Ақмола облысында бағалы металдарды заңсыз сатқан қылмыстық топ ұсталды
Бағалы металдардың заңсыз айналымымен айналысқан қылмыстық топ ұсталды. Олар төрт жыл бойы Ақмола облысы Бестөбе кентіндегі шахтадан қайта өңделген алтынды сатып алып келген. Кейін қолда бар шикізат арқылы жерасты цехтарында зергерлік бұйымдар жасап, Астана мен Шымкент қалаларындағы сауда үйлеріне жіберіп отырған. Тінту барысында құны 35 миллион теңгеден асатын алтын құйма мен сатуға дайындалған 335 дана зергерлік бұйым тәркіленді. Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, соңғы екі жылда күдіктілер арасындағы ақша айналымы 300 миллион теңгеден асқан. Аталған іс бойынша бес адам күдікті деп танылып, үшеуі қамауға алынды.
Ұмсындық Наурызбаева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жүзу спортынан Әлем кубогы басталды
15.10.2026, 10:13
«Қазақша quiz» зияткерлік ойыны ұйымдастырылды
15.10.2026, 10:10
«Таза Қазақстан» Road-эстафетасына қатысушылар 40 тоннаға жуық қоқыс жинады
15.10.2026, 10:09
Almaty SuperSki: Тау туризмінің жаңа кезеңі
15.10.2026, 10:08
Ел аумағында жаңбыр жауып, қар түседі
15.10.2026, 10:06
Қытайда мұздықтар жылдам еріп жатыр
15.10.2026, 10:05
Бразилияда нөсер жауын жауып, туннельде кептеліс болды
15.10.2026, 10:03
Ыстанбұлда нөсер соңы селге ұласты
15.10.2026, 10:02