Шығыс Қазақстанда қоғамдағы тұрақтылықты насихаттап жүрген ұлт өкілдері марапатталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыс Қазақстанда қоғамдағы тұрақтылықты насихаттап жүрген ұлт өкілдері марапатталды

28.11.2023

Қазақ елінің бүгінгі жеткен жетістігі – қоғамдағы тұрақтылықтың нәтижесі. Яғни, ұлтаралық келісім болғанда ғана мемлекетте даму болады. Бұл тұрғыдан Қазақстан халқы Ассамблеясына артылар міндет пен жауапкершілік жоғары.

Ассамблеяның Шығыс Қазақстан облыстық 29-шы сессиясында қоғамдық институттың жұмысын одан әрі жүйелеу, жетілдіру мәселесі талқыланды. Ол үшін әрбір қоғамдық бірілестік жанынан сараптамалық кеңес құрылуы тиіс. Бұл кез-келген мәселеде мониторинг жасауға септігін тигізеді.

Жалпы облыста бүгінде 72 этномәдени бірлестік бар. Әрқайсысы әр түрлі бағытта жұмыс істейді. Облыс әкімі Ермек Көшербаев олардың жұмысын жаңа бағытта жүретінін атап өтті. Соның бірі – мемлекеттік тілді үйрену мен үйрету. Былтырдан бері өңірде «Кел сөйлесейік» және «Қонақжай отбасы» жобалары басталған. Нақты нәтижеге құрылған бұл екі жоба келер жылдан бастап барлық ауданда жалғасады. Қажетті қаржы да бөлінеді. Ал облыстық Ассамблея сессиясының соңында қоғамдағы тұрақтылықты насихаттап жүрген түрлі ұлт өкілдері арнайы марапатқа ие болды. Олардың қатарында әр түрлі мамандық иелері бар.

Назерке Айдынова, ҚХА жастар театрының жетекшісі:

Облыстық Ассамблея халқының қолдауымен осы қазіргі таңда 4 жыл бойы жұмыс атқарып келеміз. Осы төрт жыл ішінде он қойылым көрермен назарына ұсынылды. Бірлікті нығайтуға достықты сенімділікті тұтас достықты нығайтуға осындай қойылымдарды қойып жатырмыз.

Леонид Прокопенко, ҚХА хатшылығы меңгерушісінің орынбасары:

Сессияның облыс орталығында емес, осындай шалғайдағы шаһарда өтуін ерекше әрі ұтымды шешім деп санаймын.Бұл тәжірбиені өзге де өңірлерге енгізу керек.Өйткені әрбір тұрғын осы Қазақстан Халқы Ассамблеясының бар екенін сезіну керек, оның мән-мағынасын түсіне білу қажет. 


Хабарламаларға жазылу