Микроқаржы ұйымдарынан кредит алу талаптары өзгереді
Микроқаржы ұйымдарынан кредит алып, оны төлемегендердің берешегі еселенеді. Енді борышкерлер бұрынғыдай қарызды кешіктірген әр күніне 0,35 пайыз емес, 0,4 пайыз үстемақы қосып қайтарады. Яғни, жылдық пайыздық мөлшерлемесі 146 пайызға бірақ-ақ жетеді. Мұндай қаулыны Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қабылдаған.
Бұл талап 45 күнге деп 172 мың 500 теңгеге дейін қарыз рәсімдегендерге қатысты. Бүгінде 1 миллионнан астам адамның айлыққа дейін қайтарам деп алған қарызы 197 миллиард теңгеге жеткен. Ал оның 300 мыңға жуығы, яғни 37 миллиард теңгесі проблемалы несиеге айналған.
Дмитрий Акмаев, ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің бөлім басшысы:
Біз ондай микронесиелерді тоқтатуды ұсындық. Онлайн-микрокредит беретін компанияларға талапты та күшейтпекпіз. Келесі жылдан бастап мұндай компаниялардың капиталында бұрынғыдай 100 миллион теңге емес, 200 миллион теңге болуы керек деген шарт қойып отырмыз.
Әйгерім Ердәулет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алматыда «SuperStar KZ» мегажобасына іріктеу өтіп жатыр
25.04.2026, 20:08
«Бату хан» тарихи-деректі романы таныстырылды
25.04.2026, 20:06
«Қазақстан» РТРК» ұжымы сенбілікке шықты
25.04.2026, 20:05
Қарағанды облысында 4500-ден аса ағаш егілді
25.04.2026, 20:05
Мәжіліс депутаттары аллеяға шырша көшеттерін отырғызды
25.04.2026, 20:05
Сенат депутаттары Инклюзивті спорт орталығының аумағын көгалдандырды
25.04.2026, 20:04
Тұрғындар жаппай сенбілікке шықты
25.04.2026, 20:04
Президент «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акцияға қатысты
25.04.2026, 20:04