Басты Жаңалықтар Қызылшаға қарсы екпе ерекше балаларға да салынады

Қызылшаға қарсы екпе ерекше балаларға да салынады

Қызылшамен ауырып жазылған үлкен де, кіші де оны қайтадан жұқтырмайды деген қате түсінік. Осылай деген дәрігерлер екпе салдыруға шақырады. Осы айда 5 мыңнан астам балаға вакцина салынса, оның дені 6 айлық сәбилер. Айтпақшы, жаппай иммундау кезеңі дәл осы 6 айлық балалардан басталады.

Жасұлан Алпысбаев, ҚР ДСМ санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің басқарма басшысы:

Мысалы, жоспарлы түрде бір жастан алынатын болса енді, бір жасқа дейінгі балалар да ауырып жатыр ғой сол үшін балалар ауырмауы үшін жаңа туған нәрсетелерді 6 айдан бастап егіп жатырмыз. Қызылшаға қарсы вакцина алған кезде жүріп-тұруы немесе мүмкіндігі шектеулі балалар немесе аутизммен ауыратын балалар деп бөлмейміз. 

Мамандар, қызылшаның алғашқы белгісі дене қызуының көтерілуі екенін айтып жүр. Бірақ, ата-ананың көбі мұны суық тиюмен шатастырып жатады дейді. Өйткені, бұл инфекция алдымен 4 күн температура беріп, содан кейін бөртпе түрінде шығады. Сондықтан, ыстығы көтерілген баланы бала-бақша мен мектепке жібермей, бірден жедел-жәрдем шақыртуға кеңес береді. Айтпақшы, жасы 18-ге толған азаматтар да, емханадан қызылшаға қарсы екпе салдыра алады.


Әйгерім Ердәулет

Бөлісу