«Референдум-2026»: Елдің маңызды саяси оқиғасы live форматта көрсетіледі
15 наурызда «Референдум - 2026» онлайн марафоны өтеді. Ауқымды медиажоба таңғы сағат 09:00-де басталып, түнгі 00:15-ке дейін жалғасады. Марафон аясында 5 алаң жұмыс істейді. Тікелей эфирде ел өміріндегі маңызды саяси оқиғаның барысы жан-жақты қамтылып, референдум күнінің негізгі сәттері, қоғам пікірі мен сарапшылар көзқарасы көрерменге жедел әрі заманауи форматта ұсынылады.
Наурызнама онкүндігі аясында өтетін марафон - тек ақпараттық шара емес, қоғамдағы өзекті мәселелерді талқылайтын, жаңа идеялар мен технологиялық бастамаларды таныстыратын бірегей алаң. Іс-шараға саяси қайраткерлер, қоғамға танымал азаматтар, өз саласында табысқа жеткен мамандар қатысып, ел дамуының маңызды бағыттары жөнінде пікір алмасады. Онлайн марафон «Қазақстан» телерадио корпорациясының, республикалық, аймақтық бұқаралық ақпарат құралдарының ресми сайттары мен әлеуметтік желі парақшаларында тікелей көрсетіледі.
Марафонға қатысты мәліметтер мен жедел
ақпараттар «Референдум – 2026» Телеграм арнасында тұрақты түрде жарияланып
отырады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы