Атырауда өрттің алын алуға арналған экологиялық акция өтті
Табиғатты өрттен қорғайық! Атыраудағы Ақжайық мемлекеттік табиғи резерватының аумағында Таза Қазақстан экологиялық акциясы аясында осындай шара өтті. Жиынға 250-ге тарта эко-волонтер қатысты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, табиғи аумақтардағы өрттің басым бөлігі адамдардың салғырттығынан болады. Мәселен былтыр резерват екі рет өртеніп, қаланы қалың түтін басты. Сондықтан халық арасында экологиялық ағарту жұмыстарын күшейту маңызды дейді жауапты мамандар.
Ерболат Ғұмаров, облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы:
Бұл жұмысты тек мемлекеттік органдар атқарғаны дұрыс деп есептемеймін. Сонымен қатар қоғам болып, соның ішінде жастар, тұрғындар насихаттау, алдын-алу жұмыстарын жүргізуі керек. Соған шақырамыз.
Автор
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия пара ойындарында спортшыларымыз тағы төрт алтын алды
21.10.2026, 13:15
Амандасу әдебі – ұлттық мәдениеттің көрінісі
21.10.2026, 13:13
Жетісу облысының Көксай ауылында жаңа мектеп ашылды
21.10.2026, 13:12
Ақтөбе облысындағы Қарауылкелді теміржол вокзалы жаңартылды
21.10.2026, 13:10
Астанада кейбір үй балкондарына ту ілді
21.10.2026, 13:08
Парижде коменданттық сағат ұзартылды
21.10.2026, 13:07
Ресейде демографиялық дағдарыс күшейіп барады
21.10.2026, 13:05
Қазақстан ТүркПА елдеріне арналған Цифрлық кодексті әзірлеуді ұсынды
21.10.2026, 13:04