Оралда әйелдің басына кірпіші құлаған үй 60 жылдан бері жөнделмеген
Оралда басына оқыстан кірпіш құлап, көз жұмған әйелдің өліміне кім жауапты екені белгісіз. Белгілісі, төбесіндегі шахта опырылып, кірпіші құлап түскен үй 60 жылдан бері жөндеу көрмеген. Полицейлер баспана маңыннан өтіп бара жатқан 50 жастағы әйелдің алған жарақаттан сол мезетте қайтыс болғанын растады. Қылмыстық іс қозғалып, оқыс оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Баспана "Жұлдыз-Алға" пәтер иелері кооперативінің басқаруында. Кооператив төрағасы мән-жайды айтып, сұхбат беруден бас тартты. Ал, әкімдіктегілер үйге жөндеуді меншік иелері жасауы тиіс дейді.
Нұртілеу Шайдығалиев, қалалық ТҮКШ бөлімінің сектор меңгерушісі:
Ескі үй, 1963 жылы берілген. Бұған дейін үйге ешқандай ағымдағы және күрделі жөндеу жасалмаған. ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңының 32-бабына сәйкес меншік иелері жөндеу жұмысын жүргізуге міндетті болатын.
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алматыда «SuperStar KZ» мегажобасына іріктеу өтіп жатыр
25.04.2026, 20:08
«Бату хан» тарихи-деректі романы таныстырылды
25.04.2026, 20:06
«Қазақстан» РТРК» ұжымы сенбілікке шықты
25.04.2026, 20:05
Қарағанды облысында 4500-ден аса ағаш егілді
25.04.2026, 20:05
Мәжіліс депутаттары аллеяға шырша көшеттерін отырғызды
25.04.2026, 20:05
Сенат депутаттары Инклюзивті спорт орталығының аумағын көгалдандырды
25.04.2026, 20:04
Тұрғындар жаппай сенбілікке шықты
25.04.2026, 20:04
Президент «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акцияға қатысты
25.04.2026, 20:04