Қызылорда облысында құрылыс және тұрғын үй инфрақұрылымы қарқынды дамып келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылорда облысында құрылыс және тұрғын үй инфрақұрылымы қарқынды дамып келеді

25.11.2023

Қызылорда облысында құрылыс және тұрғын үй инфрақұрылымы қарқынды дамып келеді. Бүгінде бірқатар нысандар бюджеттен тыс қаржы көздеріне салынып, әлеуметтік маңызы бар жобалар тиімді жүзеге асырылып отыр. Толығырақ тілші бандайды.

Соңғы он айдың қорытындысымен Қызылорда облысы макроэкономикалық даму көрсеткіші бойынша республикада көшбасшылар қатарына енді. Биыл жаңа тұрғын үйлер қалада ғана емес аудан орталықтарынан да салынып, 500-ден аса ауыл жұрты баспаналы болды. Сондай-ақ, үш ауысымдық мектептердің мәселесі де тиімді жолмен шешілді.

Нұрлыбек Нәлібаев, облыс әкімі:

Біз 4 мектептен биыл 600 орындық, 550 орындық 4 қосымша ғимарат салдық. 600 орындық ғимарат ана мектепте 4 мың баладай оқитын. Үш ауысымдық мәселе шешілді. Екі ауысымға түсті. Ананы біз 735 миллионға салдық. Ал сол жерге 600 орындық жаңа мектеп салатын болсақ, ол 3 млрд теңге болады.

Аймақтың тағы бір ауқымды жобасы жаңа жылу электр орталығының құрылысы. Бүгінде стратегиялық нысан шетелдік инвестордың есебінен салынып жатыр. Өңірдің осы бағыттағы оң тәжірибесі республикалық семинар-кеңесте кеңінен насихатталды. Сондай-ақ, алқалы жиында құрылыс саласы бойынша енгізілген жаңа нормативтер жан-жақты талқыланды.

Тимур Қарағойшин, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі:

Заңға еніп реестр күшіне енгенде 1 қаңтарда. Сонда 300 компаниядан 140 қалды. 80-дей жобалаушыдан 20-30 қалды. Тех.қадағалаушылардан акредитациядан өткен орталықтардан лицензия алып алған 70-тен 20 қалды. Бәрі лицензиясы бар. Е-құрылыспен тексерсек адамдары жоқ.

Жалпы Сыр өңірінің құрылыс және тұрғын үй инфрақұрылымын дамыту бағытында қолға алған озық жобалары алдағы уақытта өзге аймақтарда жүзеге асырылмақ.

Әділбек Серікұлы

Хабарламаларға жазылу