Аида Балаева: Әйелге көтерілген қол бүкіл қоғамды ұрғанмен тең деп қабылдауымыз қажет
Әйелдерге жасалатын зорлық-зомбылықпен күресте күш біріктіреміз. Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Қазақстан халқына үндеу жасады. Күн сайын жүздеген әйел физикалық, психологиялық, экономикалық немесе жыныстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болады. Сорақысы, қазақ халқының салт-санасына жат дүниеге қоғамның еті үйреніп, тұрмыстық әдетке бейім болып барады. Сондықтан «ел болам деген қоғам қызға кеміс емес, өріс» деп, «әйелді зат емес, ана» деп қараған. Әйелге көтерілген қол бүкіл қоғамды ұрғанмен тең деп қабылдауымыз қажет, деді министр.
Аида Балаева, ҚР Мәдениет және ақпарат министрі:
Асыл аналарымыз, аяулы әпке-қарындастарымыз бен талдырмаш қыздарымыз еліміздің кез келген нүктесінде кез келген уақытта, кез келген ортада өзін қауіпсіз сезінуі тиіс. Заң мен тәртіп ата мен ана, әке мен аға, міне, осыны талап етеді. Мемлекет талап етеді. Ендеше мен бүгін осындай халықаралық ерекше датада барша отандастарымызды өз болашағымыздың кепілі әйел затын ата-баба жолымен құрмет тұтып, қадірін біліп, жүректе сақтауға шақырамын.
Қуаныш Қанатұлы
Автор
Қуаныш Қанатұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлытауда үш ғарышкер Жезқазған маңына қонды
27.07.2026, 10:12
Франция мен Испанияда 330 мыңнан астам адам эвакуацияланды
27.07.2026, 10:11
Атырауда екі дәрігерлік амбулатория ашылады
27.07.2026, 10:08
Түркияда үйлерді су басты
27.07.2026, 10:05
Дональд Трамп пен Си Цзиньпин кездеседі
27.07.2026, 10:03
Қазақстан мен Татарстан арасындағы тауар айналымы 946 миллион долларға жетті
27.07.2026, 10:02
Қазақстан – Ресей: Логистиканың жаңа кезеңі
27.07.2026, 10:00
«Болашақ ойындары-2026»: Қатысушылардың алды Елордаға келді
25.07.2026, 20:07