Мәжіліс отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы заңнамалық түзету енгізіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәжіліс отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы заңнамалық түзету енгізіп жатыр

25.11.2023

Қазір Мәжіліс депутаттарынан құралған топ отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл тетіктерін жетілдіруге бағытталған заңнамалық түзетулер әзірлеп жатыр. Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин бүкіләлемдік әйелдерге қарсы зорлық-зомбылық күніне үн қосты. Ол Қазақстанда әйелдер мен балаларға жасалатын зорлық-зомбылыққа қарсы күреске айрықша мән беріп отырғанын айтты. Президент өзінің қыркүйек айындағы Жолдауында «Бізге отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық жайттарына көз жұма қарауға болмайды» деп баса айтқан еді. Соңғы кездегі резонанстық қылмыстар отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу және жою жұмыстарын одан әрі күшейту қажеттілігін аңғартады, деді. Бұл ретте қабылданып жатқан институционалдық және заңнамалық шаралар қылмысқа және зорлық-зомбылықтың кез келген түріне төзбеушілік мәдениетін қалыптастырмай тиісті нәтиже бермейтінін түсіну маңызды деді. 

Хабарламаларға жазылу