Батыс Қазақстандағы тұрғындардың жарықсыз отырғанына үшінші күн
Батыс Қазақстан облысындағы Деркөл кентінің тұрғындарының жарықсыз отырғанына үшінші күн. Кентке қарасты Үміткер, Ягодка саяжайларындағы 100-ге жуық үйге электр қуаты әлі қосылған жоқ. Жарық болмағасын мұнда жылу да ажыратылған.
Суықтан тоңған тұрғындар әкімшілікке барып, үзілген желіні қосуды талап етті. Ал екі күн бұрын Теректі ауданы Ақжайық елді-мекенінде жұмыстан шығып жоғалып кеткен 52 жастағы ер адамның денесі табылды.
Сондай-ақ Орал әуежайында үш күннен бері ұшақ ұшпай, рейстер мүлдем тоқтады. Өйткені екі күн бұрын жауған ылғалды қар ұшу-қону жолағында мұз боп қатқан. Өңірде кешкісін тағы да боран тұрып, республикалық маңыздағы 4 күрежол жабылды.
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жүзу спортынан Әлем кубогы басталды
15.10.2026, 10:13
«Қазақша quiz» зияткерлік ойыны ұйымдастырылды
15.10.2026, 10:10
«Таза Қазақстан» Road-эстафетасына қатысушылар 40 тоннаға жуық қоқыс жинады
15.10.2026, 10:09
Almaty SuperSki: Тау туризмінің жаңа кезеңі
15.10.2026, 10:08
Ел аумағында жаңбыр жауып, қар түседі
15.10.2026, 10:06
Қытайда мұздықтар жылдам еріп жатыр
15.10.2026, 10:05
Бразилияда нөсер жауын жауып, туннельде кептеліс болды
15.10.2026, 10:03
Ыстанбұлда нөсер соңы селге ұласты
15.10.2026, 10:02