Еліміздегі ең көне кеме жөндеу зауыты жабылмайды
Павлодардағы ең көне әрі ірі кеме жөндеу зауыты жабылмайтын болды. Бір ғасырдан астам жұмыс істеп тұрған кәсіпорын жерін жергілікті әкімшілік мектеп саламыз деген желеумен мәжбүрлі түрде алмақ болған. Мәселені ұлттық арна жаңалықтарында көтерген болатынбыз. Іле облыстық прокуратура тексеруді бастады. Қаланың бас жоспарында рекреационды аумақ деп көрсетілген жерде әкімшілік қалай құрылыс жүргізбек болғаны түсініксіз. Кәсіпкерден жерді заңсыз алып қоюдың жолын кестік. Атқарушы органның актілері күшін жойды дейді прокуратура өкілі.
Айдар Байсақов, облыстық прокуратураның қоғамдық мүдделерді қорғау басқармасының бастығы:
Екжей-текжейлі жоспарлау жобасы облыс орталығының бас жоспарына сәйкес келмеген. Мектеп құрылысы ерекше қорғалатын табиғи аумағында жоспарланған болатын. Мектептің су қоймасына жақын орналасуы оқушылардың өміріне қауіп төндірді. Қадағалау актісі бойынша заңсыз шешімдердің күші жойылды.
Болат Аманбаев
Автор
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық құрама 16 рекорд жаңартты
15.08.2026, 20:19
Абай облысында тазалық акциялары түрленіп келеді
15.08.2026, 20:18
Елордада Шәмші әндері жаңаша форматта шырқалды
15.08.2026, 20:18
Бүгін қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың туған күні
15.08.2026, 20:17
Алматы облысында жаңа мәдениет үйі пайдалануға берілді
15.08.2026, 20:14
Шеберлер мен зергерлер туындыларын жәрмеңкеде саудалады
15.08.2026, 20:13
Заң мен тәртіп – әділетті қоғам негізі
15.08.2026, 20:08
Неке және отбасы құндылықтары Конституция деңгейінде қорғалған
15.08.2026, 20:06