Ресейдегі қазақтар ана тілін терең үйренуге құлшыныс танытуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейдегі қазақтар ана тілін терең үйренуге құлшыныс танытуда

23.11.2023

Ресейдің Түмен облысында 40-мыңға жуық қазақ тұрады. Қандастарымыз соңғы жылдары ана тілін терең үйренуге құлшыныс танытуда. Алайда өңірде қазақ тілін жетік меңгерген маман тапшы. Толығырақ тілшіміздің материалынан.

Гүлбайра Қалиева Түмен қаласында қазақ тілінен сабақ беретін жалғыз мұғалім. Оның айтуынша, соңғы жылдары ана тілін үйренуге тек жастар ғана емес, ересектердің де тарапынан сұраныс артқан.

Гүлбайра Қалиева, Қазақ тілі мұғалімі:

Бізге енді Түмен қаласына 5,6 мұғалім болса, онда біз көбірек балаларды оқытар едік. Ана тілін үйренетін адам көп болар еді. Өйткені бір адам бәрібір аздау, бір мұғалім аздау.

Одан бөлек оқулық мәселесі де тілді терең меңгеруге кедергі келтіреді. Жергілікті қазақтар Алтай өңірінде шығарылған қазақ тілі оқулықтары тезірек өңірге жеткізілсе екен дейді.

Алан Байсақалов, Оқушы:

Мен қазақпын ғой, өз ана тілімді біліп, терең меңгергім келеді. Әкем, әпкем, барлғығымыз сабаққа қатысамыз. Маған ана тілім қатты ұнайды. Еркін сөйлеп, болашақта Қазақстанға көшіп бару менің арманым.

Жалпы Түмен облысында тек өңір орталығы емес, шалғай аудандарда да қазақ тілі пәні өтеді. Ал жаңа заңнамаға сәйкес кез-келген мектепте, ата-аналардың тарапынан қызығушылық болса, қазақ тілін міндетті пән ретінде оқытуға да болады.

Индира Бегайдар


ресейдегіқазақтар

Хабарламаларға жазылу