Ресейдегі қазақтар ана тілін үйренуге құштар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейдегі қазақтар ана тілін үйренуге құштар

22.09.2023

Астрахань өңірінде 150 мыңнан астам қазақ тұрады. Қандастарымыз тарихи Отанымен байланысты үзбей, салт-дәстүрді дәріптеп, ұлттық өнерді ұлықтап жүр. Жергілікті қазақтар ана тілін терең үйренуге құлшыныс танытуда.

Астрахань мемлекеттік техникалық университеті 20 жыл бойы студенттерді қабылдап, қазақ тілі тұрақты түрде оқытылады. Мұнда аптасына үш рет қазақ тілі, Қазақстан тарихы және мәдениеті бойынша қосымша сабақтар өткізіледі.

Әлия Ғұмарова, мұғалім:

18 мектепте факультатив ретінде оқытылады. Болашақта қазақ тілі пән ретінде оқытылса деп ойлаймыз. Себебі факультатив аптасына бір рет болады, баланың өзінің мүмкіндігі бойынша.

Басты мәселелердің бірі-оқулық жоқ. Ұстаздар Алтай өңірінде шығарылған оқулықтар Астраханьға жеткізілсе дейді. Өйткені бұл оқулықтар жергілікті стандарттарға сай.

Өмірзақ Бекмұханов, Астрахань қаласының тұрғыны:

Астраханьда «Жолдастық» деген қор бар. Сонда 142 мың қазағымыздың басын қосып отырмыз. Біздің Астрахань облысында шығармайды қазақ тілі кітабын, көмек сол болса.

Астраханда тұратын қазақтар барлық халықтың 15 пайызын құрайды. Сондықтан қазақ тілі пәнін міндетті пән ретінде оқыту маңызды деп есептейді.


Индира Бегайдар 


Хабарламаларға жазылу