Өзбекстанда әскери тікұшақ құлады
Өзбекстанның «Каттакурган» әскери полигонында Ми-8 тікұшағы құлады. Әуе апаты оқу жаттығу шараларын өткізу кезінде болған. Бұл туралы Өзбекстан қорғаныс министрлігі хабарлады. Оқыс оқиға кеше кешкісін сағат шамамен 20:15 те болған.
Салдарынан тікұшақтың экипаж мүшелері түгел қаза тапты. Олардың нақты саны қанша адам екені әзірге айтылмай отыр. Шұғыл түрде арнайы комиссия құрылып, әуе апатының себебін анықтауға кірісті. Қаза тапқан әскерилердің отбасына және туған туыстарына қайғырып көңіл айтамыз делінген қорғаныс министрлігінің арнайы мәлімдемесінде.
Айта кетейік, «Каттакурган» Өзбекстандағы ең ірі әскери полигондардың бірі. 2019 жылдың қараша айында ашылған. Нысан Самарқан облысының аумағында орналасқан.
Базаркүл Отыншиева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Нетаньяху Газаға қатысты бейбіт жоспарды қабылдаған жоқ
10.08.2026, 20:37
Абайдан қалған қазына
10.08.2026, 20:15
СҚО-да 25 инвестициялық меморандумға қол қойылды
10.08.2026, 20:13
Елімізде қолдан ақша жасайтындар азайды
10.08.2026, 20:10
Жазғы Азия ойындарына Қазақстаннан 500-ге жуық спортшы қатысады
10.08.2026, 20:09
Алматыда 7 жарым мың тұрғын жаңа пәтерге көшіріледі
10.08.2026, 20:08
«Болашақ ойындары-2026»: 453 млн қаралым жиналды
10.08.2026, 20:07
7 өңірге қоныс аударып, 7 млн теңге алуға болады
10.08.2026, 20:06