Састөбедегі жарылыстан жарақат алған жұмысшы санавиациямен Шымкентке жеткізілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Састөбедегі жарылыстан жарақат алған жұмысшы санавиациямен Шымкентке жеткізілді

15.11.2023

Түркістан облысы Састөбе цемент зауытында болған жарылыстан жарақат алған жұмысшының бірі бүгін санитарлық авиациямен Шымкент қаласындағы ауруханаға жеткізілді. Өндірістік апаттан 34 жастағы жұмысшының қол-аяғы мен арқасын, тыныс жолдарын, жалпы алғанда денесінің 70 пайызын күйік шалған.

Мадина Ермағанбетова, Т.Орынбаев атындағы гипербариялық оксигенация орталығының бас дәрігері:

Науқас бірден жансақтау бөліміне жатқызылды. Интенсивті емін алып жатыр. Жағдайы өте ауыр.

Ал жарылыстан аман қалған екінші жұмысшы Сайрам ауданының ауруханасында ем қабылдап жатыр. Дәрігерлер оның денесі жалынға толықтай күйіп қалғанын айтады.

Еске салайық, Састөбе елді мекеніндегі цемент зауытында кеше жарылыс болды. Өкінішке қарай, бір адам мерт болды. Полиция бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғап, тергеу бастады.


Ғани Қалмаханов

Хабарламаларға жазылу