Жаңаөзендегі тұрғын үйде жарылыс болып, 2 адам зардап шекті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жаңаөзендегі тұрғын үйде жарылыс болып, 2 адам зардап шекті

19.11.2018

Жарылыстан үй жермен-жексен болған. Тіпті, көрші үйлердің де қабырғасы қақырап, терезелері сынған. Үйінді астынан құтқарушылар анасы мен баласын алып шықты. Олар жарылыс кезінде үйде болған. Қазір әйел жансақтау бөлімінде жатыр. Жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Ал, денесінің жартысынан көбін күйік шалған 29 жастағы жігіт облыстық ауруханаға жеткізілді. Арнайы комиссия құрылған. Жарылыстың неден болғаны әзірге белгісіз. Көршілердің айтуынша, сол көшеде үйлердің астымен газ құбыры жүргізілген.

Бекес Нұрмұханов, Жаңаөзен қалалық ауруханасының травматолог дәрігері:

-Жағдайлары өте ауыр болды. Бір науқасты алтыншы күні Ақтауға санавиациямен жібердік. Екіншісі реанимацияда жатыр. Өте ауыр жағдайы.

 

Аягөз ОРАЛБАЙҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу