Түркістан облысында жол апатынан 7 адам зардап шекті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысында жол апатынан 7 адам зардап шекті

18.04.2022

Түркістан облысы Сайрам ауданында шағын автобус пен жүк көлігі соқтығысып, жеті адам жарақат алды. Жол апаты түнгі сағат 10-дар шамасында Самар-Шымкент тас жолында болған. Toyota Alphard көлігінің жүргізушісі Алматыдан Шымкентке қарай бет алған. Алдын ала болжам бойынша, минивэн жүргізушісі қашықтықты сақтамаған. Салдарынан HOWO жүк көлігімен соқтығысқан. Toyota Alphard көлігінің жүргізушісі мен жолаушылары ауруханаға жеткізілді. Қазір осы оқиға бойынша аудандық полиция тексеру жұмыстарын жүргізуде.

Айнұр Ақбаева

Хабарламаларға жазылу