Түркістанда жол-көлік оқиғасы салдарынан 3 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістанда жол-көлік оқиғасы салдарынан 3 адам қаза тапты

14.04.2022

Түркістанда автобус пен жеңіл көлік соқтығысып, 3 адам қаза тапты. Қоғамдық көліктегі 4 адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жол көлік оқиғасы кеше кешке Сарыағаш-Шымкент тас жолында болған. 30-ға жуық жолаушысы бар автобус Сарыағаштан Шымкентке бет алған.

Осы сәтте қарсы беттен «Audi» көлігі шығып, автобуспен бетпе-бет соқтығысқан. Оқиға орнында жеңіл көліктің жүргізушісі мен 2 жолаушысы мерт болды. Қазір қайтыс болғандардың кім екені анықталып, оқиғаға қатысты тергеу шаралары жүргізілуде.

Айнұр Ақбаева

Хабарламаларға жазылу