Жаңаөзендегі жарылыс: Ауруханада жатқан екі адам қайтыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жаңаөзендегі жарылыс: Ауруханада жатқан екі адам қайтыс болды

28.04.2023

Жаңаөзенде жарылыстан зардап шегіп, ауыр жағдайда ауруханада жатқан 2 науқас қайтыс болды. Оның бірі 51 жастағы тұрғын, денесінің 75 пайызын күйік шалып, облыстық ауруханаға өте ауыр жағдайда жеткізілген болатын. Ал, екінші науқас 46 жастағы ер адам, жарылыстан кейін бетон астында жаншылып ұзақ уақыт жатып қалған. Оған Жаңаөзен қалалық ауруханада ота жасалып, кейін Ақтауға жеткізілді.

Сағат Бітімов, облыстық аурухана бас дәрігерінің орынбасары:

ҚР Бас коммустиологы және травмотолог, реанимотологтарын санавиациямен шақырып, науқастарды көріп, ем шаралар жасап көмек көрсетті. Жағдайларының ауыр болуына орай, біз барынша тиісті емдерді көрсеттік, жағдайларының ауыр болуына орай, науқастар қайтыс болды.

Төтенше оқиға Жаңаөзен қаласында осыдан 11 күн бұрын болды. 12 пәтерлі 2 қабатты үйде газ жарылып, 6 адам қаза тапты. Тағы 13 тұрғын түрлі дене жарақатын алды. Осы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалып, жарылыстың себеп-салдары тергеліп жатыр.

Аягөз Оралбай

Хабарламаларға жазылу